Жігіт сұлтаны-2021
2021 жылдың 27 сәуір күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесі қарсаңында колледжде 1 курс студенттерінің ер балалары арасында «Жігіт сұлтаны-2021» атты онлайн сайыс өткізілді. Іс-шара мақсаты - ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерін, әр ер баланың бойындағы қабілеттерін, өнерін, салт-дәстүр негізінде білімін кеңейту, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру, ұлттық рухты көтеретін өнерді насихаттау.
Сайысты колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлмира Галиасқарқызы ашып, қазақ елінің мәртебесін асқақтатып, өз елінің патриоты болуға тілек білдіріп, қатысушы сұлтандарға сәттілік тіледі. «Жігіт сұлтаны-2019» сайыстың «Бас жүлде» иегері Ернар Болғанбаев қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қатысушылар «Мен қазақтың ұлымын», «Сегіз қырлы, бір сырлы», «Білгенге маржан» атты 3 кезең бойынша сынға түсті.
Жігіттердің өнері мен тапқырлығын колледждің көркемдік жетекшісі Нұрболат Сейтмуратов, колледж жастар комитетінің инспекторыҰланбек Бақытұлы және колледж психологы Ғылым Универқызы бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша сайыстың ІІІ орынымен 1Д-120 тобының студенті Сансызбай Мәди мен 1ПОВТ-220 тобының студенті Бақтыбаев Алмаз ие болды. ІІ орынмен 1ЭМ-120 тобының студенті Клейн Игорь марапаталса, сайыстың І орынымен 1РЭС-220 тобының студенті Нариманұлы Асылмұратқа тиесілі болды.
Ал «Жігіт сұлтаны - 2021» атағына ие болып, Бас жүлдемен марапатталған 1ПМ-220 тобының студенті Ербол Сұлтан дипломмен марапатталды.
Тәуелсіз елдің ұландары осылайша мықтылықтарын танытып, «Жігіт сұлтаны» деген атқа лайық екендіктерін дәлелдеді.
Көркемдік жетекші Н.Сейтмұратов