Адалдық мақсатқа жеткізеді!
Мамыр айының 13 күні Жоғары көлік және коммуникация колледжінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар аясында «Адал Білім», «Sanaly Urpaq», «Адалдық алаңы» жобалық кеңсенің өкілдерін қамтыған «Адалдық мақсатқа жеткізеді» тақырыбындағы адалдық сағаты ұйымдастырды. Кездесудің қонағы ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі, «Нұр-Отан» партиясы қалалық бөлімі Нұр-Сұлтан қаласындағы «Байқоңыр» аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары – Шәріпжанов Айдос Серғазыұлы болды.
Кездесудің алғы сөзі Нұр-Сұлтан қаласы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорлар кеңесінің төрағасы, колледж директоры Гаипов Зулфухар Сұлтанұлына беріледі. Директор өз сөзінде колледжде жемқорлықтың алдын алу мақсатында жасалып жатқан іс шараларды атап, студенттер мен ұстаздарды сыбайлас жемқорлықтан алыс болуға шақырды.
Айдос Серғазыұлы кездесу барысында өзінің тәжірибесімен бөлісіп, жастарды отансүйгіштікке шақыра отырып, жемқорлық деген ортақ жауымыздан сақ болуды ескертті. Аз көлемде болсын, көп көлемде болсын жемқорлықтың зардабы ел үшін, қоғам үшін қашан да ауыр болатынын айта келе түрлі мысалдар келтіріп студенттерге қызықты әңгімелер арқылы жемқорлықтың жаман жақтарын ашып көрсетті.
Колледжіміздің студенттік парламенті жемқорлықтың алдын алу мақсатындағы барлық акцияларға белсене қатысып, бейне роликтер түсіріп, әлеуметтік желілерде жемқорлықтың алдын алу бойынша түрлі ақпараттар ұсынуда. Сонымен қатар колледжде «Адал ұрпақ» клубы құрылып, қазіргі таңда жүйелі түрде жұмыс жүргізуде. 2020-2021 оқу жылының өзінде бірнеше тұлғалармен қалалық деңгейдегі кездесулер өткізіліп, студенттермен сұхбаттар ұйымдастырылды.
Жастар комитетінің инспекторы Ұ.Бақыт