Түйіндеме жасау. Сұхбаттасудан өту жөнінде
2021 жылғы 18 мамыр күні ZOOM платформасы арқылы Жоғары көлік және коммуникация колледжінің бітіруші топ студенттерімен «Түйіндеме жасау. Сұхбаттасудан өту» тақырыбында кашықтықтан мастер-класс өтті. Бұл іс-шараны Нұр-Сұлтан қаласындағы Жастарды қолдау орталығы өткізді. Орталықтың заңгері Баймұқан Азамат Нұрбекұлы ұсыныстар беріп, түйіндеме жасағанда қандай аспектілер мен қағидаларға сүйену керектігіне тоқталды. Мастер-класстың арқасында студенттер түйіндемені дұрыс толтыруды үйренді, жұмысқа қабылдаудың негізгі ережелерімен танысты, сұхбаттан өткендігін қалай түсінуге болатындығын білді. Сонымен қатар, студенттер сұхбат барысында сыртқы келбеттің маңыздылығын түсініп, дұрыс киім таңдау бойынша практикалық кеңестер алды.
Семинарға колледждің бітіруші топтардан 50-ден астам студенттер қатысты.
Директордың ТІЖ орынбасары Г.Мырзагалиева