Террористік акт қаупі кезінде жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету
2021 жылғы 18 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласы ІІД діни экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының полиция капитаны Е.В.Джура «Террористік акт қаупі кезінде жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету» деген тақырыбында колледж студенттері арасында нұсқаулық жұмыстарын түсіндіру мақсатында «ZOOM» қосымшасы арқылы онлайн-семинар өткізді. Семинар кезінде маман Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы күрес туралы» заңына ерекше тоқталды. Студенттер жарылыс қаупі бар заттарды (қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, граната, снаряд және т.б.) немесе күдікті иесіз затты байқаған жағдайда, оған кездейсоқ адамдардың жақындауына және өз бетінше залалсыздандыруға мүмкіндік берместен, дереу полицияға хабарлау керектігін айтты. Жарылыс құрылғысы анықталған кезде оған өз бетінше жақындамау, тиіспеу, орнынан қозғамау керектігін де ескертті. Егер де кез-келген азамат террористік іс-әрекет туралы полицияға жалған қоңырау шалып, ақпарат тараттын болса, ол Қазақстан Республикасының белгіленген заңына сәйкес айыппұл төлеп, жауапкершілікке тартылатынын айтты.
Семинар соңында студенттердің сұрақтарына жауап беріліп, кері байланыс орнады.
Әлеуметтік педагог Г.Нұрқабыл