Рухани жағыру - қоғамдық сананы жаңғырту
2021 жылғы 20 мамыр күні «Рухани жағыру» бағдарламасын іске асыру аясында Жоғары көлік және коммуникация колледжінде ZOOM платформасы арқылы «Қасиетті Қазақстан» ғылыми орталығы басшысының орынбасары Батырхан Жұмабаевтің колледж оқытушыларымен онлайн-кездесуі өтті. 2017 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен елордада «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы құрылды. Елбасы өзінің «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласында елдің киелі белдеуі туралы айтқан болатын.
Кездесу барысында түрлі тарихи оқиғалар орын алған тарихи ескерткіштерді жаңғырту, ұлттық-мәдени мұраны және табиғи ландшафттың бірегей ескерткіштерін сақтау тақырыптары қозғалды. Батырхан Елікұлы тыңдаушыларға "Патриотизм кіші Отаннан басталады", "Сәукеле", "Дастархан", "Киелі география – ұлттық бірегейлік негізі" және т. б. бейнероликтерді ұсынды.
Оқытушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алып, көптеген пайдалы ақпараттарға қанықты.
Директордың ТІЖ орынбасары Г.Мырзагалиева