Орталықтың балаларына мерекелік көңіл-күй!
2021 жылдың 01 маусым күні Жоғары көлік және коммуникация колледжінің өнерлі жастары «Халықаралық балалар қорғау» күніне орай «Үміт» дағдарыс орталығына барып, бүлдіршіндерге мерекелік концерт ұйымдастырды. Алғашқы болып сөз алған директордың орынбасары Г.Г.Мырзагалиева сәбилерді мерекелерімен құттықтай келе балақайларға бар жағдайды жасап отырған «Үміт» дағдарыс орталығының ұжымына Жоғары көлік және коммуникация колледжінің директоры З.Гаиповтың ыстық ықыласын жеткізді. Отбасы жылуынан айрылған аналар мен балаларға жаңа үміт силап, жайма шуақ орта мен қолжетімді жағдай туғызып отырған орталықтың еңбегі ерекше екенін айтты. Сөз соңында бүлдіршіндерге Жоғары көлік және коммуникация колледжінің ұжымының атынан силықтар табысталды.
Концерт барысында сөз алған «Үміт» дағдарыс орталығы директорының орынбасары Какимова Шынар Елтайқызы, әсем ән мен көңілді кеш өткізіп, балаларға мерекелік көңіл күй силаған колледждің жастарына және әр жыл сайын тұрақты түрде көмек көрсетіп ізгі істерде бастамашы болып жүрген Жоғары көлік және коммуникация колледжінінің басшысы мен ұжымына зор алғысын жеткізді. Мерекелік концерт әсем ән мен тәтті күйге толы болып, көрермендердің көңілін көтерді. Концерт аяқталған соң да колледж жастары бүлдіршіндермен бірге ән айтып би билеп мерекенің сәнін келтірді.
Жастар істер комитетінің инспекторы Ұ.Бақытұлы