Body: 






Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай өткізілген іс-шара бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын-алудың 2020-2022 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру мақсатында 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Жоғары көлік және коммуникация колледжінің медициналық қызметкері А.А.Мавленовпен кездесу өтті. ZOOM платформасында онлайн түрде өткен іс шараға колледждің 65 студенті қатысты.
Ұзақ жылдар бойы денсаулық саласында қызмет еткен Абдыманап Абдыхалықович жастарға өз тәжірибесінде болған оқиғаларды айта келе, адамзаттың жауына айналған есірткінің сан түрлі зян тұстарын атап өтті. «Өрімдей жастардың өз қызығушылығының құрбаны болып, есірткіге тәуелді болып қалуы соңғы кезде көп кездесіп жатыр. Бұл ата-аналардың және бүкіл қоғамның қасіреті» деді дәрігер өз сөзінде. Қазіргі таңда жастар арасында көп қолданылатын жеңіл есірткі түрлерінің адам денсаулығына тигізер залалын айта келіп, тәуелділік тудыратын күшке ие екенін ескертті. Кездесу соңында студенттердің сұрақтарына жауап берілді.




Директордың ТІЖ орынбасары Г.Мырзагалиева