Таңғы жаттығу
18 қыркүйек күні Жоғары көлік және коммуникация колледжінің студенттері орталық саябаққа барып «Жастар салауатты өмір үшін» акциясы аясында таңғы жаттығулар жасады. Елорданың белсенді жастары және «Астана Жастары» КММ ұйымдастыруымен өткен іс шараға спорттық мектептің оқушылары да тартылды.
Таңмен таласа ерте оянған жастар спорттық жаттығуларға құлшына кірісті. Топ топқа бөлінген студенттер жүгіру жолдарымен саябақты айнала жүгіріп, жаттығу құрылғыларын молынан пайдаланды. Тәжірибелі жаттықтырушылардың басқаруымен денсаулыққа пайдалы әр түрлі жаттығулар орындап спортпен шұғылданған жастарға қала әкімдігі ыстық шәй таратты.
Жастар» комитетінің инспекторы Ұ. Бақыт