Body: 






«Әлемге күлкі сила»

2021 жылдың 21 қыркүйек күні «Право» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласы «Жастар саясаты мәселелері басқармасының» ММ қолдауымен «Әлемге күлкі сыйла» атты қалалық КВН сайысы өткізілді. Аталмыш сайысқа Жоғары көлік және коммуникация колледжінің үш командасы қатысып, жүлделі екінші және үшінші орынды иеленді. Ал бірінші орынды колледжіміздің түлегі ЭМ-217 тобында оқыған Жастілек Темірбековтың «Екпінді» құрамасы жеңіп алды. Жеңімпаздардың барлығы бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Бұл үлкен жеңіс, колледжіміздегі студенттермен дұрыс тәрбие жұмыстарының жүргізіліп және колледждің өнерлі жастарды жоғары деңгейде қолдап келе жатқанының дәлелі. Жастардың талантын шыңдап, өнерін ұштап қана қоймай сапалы маман болып шығуы Жоғары көлік және коммуникация колледжінің маңдайалды мақсаты.
Жеңісті күндеріміз көп болсын!




Жастар» комитетінің инспекторы Ұ. Бақыт