Body: 






ҰСТАЗЫМ – СІЗГЕ МЫҢ АЛҒЫС!

«Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау» - демекші, күрең күздің жанға жайлы, жайма-шуақ сәттерінің бірінде, қоңыр күзбен ілесіп келетін айтулы күн – Ұстаздар мерекесі.
Осы айтулы күнге орай 29 қыркүйекте колледждің акт залында «Ұстазым – сізге мың алғыс!» атты салтанатты мерекелік іс – шара өтті. Колледж директоры, саяси ғылымдарының докторы, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері директорлар кеңесінің төрағасы Зулфухар Сұлтанұлы Ғайыпов - білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымын, бүгінгі кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Зулфухар Сұлтанұлы өз сөзінде колледждің өркендеуі мен дамуына, білімі мен беделінің артуына, түрлі байқауларда жоғарыдан көрінуіне ұстаздар қауымының атқарған еңбегінің орасан зор, Еліміздің болашағы ұстаздарға тікелей байланысты екенін айтып өтті. Бұл мерекемен бірге, Қарттар мерекесі қатар келуіне байланысты, колледжіміздің құрметті ардагерлерін де төл мерекелерімен құттықтады.
Мереке қарсаңында дәстүрлі марапаттау рәсімі өтті. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен Л.А.Ряснова марапатталды. Колледжіміздің 75 жылдық медалі – А.Қ.Каримова мен Г.Т.Базилбаеваға табыс етілді. Колледж директорының Алғыс хаты – А.Мұратқызы мен Ш.Е.Орыноваға берілді.
Колледжіміздің үздік кафедраларына «QR кодтты интерактивті тақтаның» Сертификаттары: «Абайтану» ақылды интерактивті тақтасын – «Әлеуметтік – гуманитарлық пәндері» кафедрасы, кафедра меңгерушісі – Ахметова Айгуль Төлеубайқызы; «Баламалы энергия көздері PRO – экология және экожүйе» ақылды интерактивті тақтасы – «Энергетика, экономика және менеджмент» кафедрасы, кафедра меңгерушісі – Есентаева Жамиля Бисенбайқызы; «Әлем атласы» ақылды интерактивті тақтасы – «Жол құрылысы және автомобиль көлігін пайдалану» кафедрасы, кафедра меңгерушісі – Жаксыбаева Мариям Мурсалимовна; «Әлем атласы» ақылды интерактивті тақтасы – «Жаратылыстану – математикалық пәндер» кафедрасы, кафедра меңгерушісі – Қасымбекова Ақбота Абималикқызына табыс етілді.
Сонымен қатар «Білім беруді жаңғырту орталығының» Алғыс хатымен Л.И.Матвеева, Ж.Т.Мылтықбаева, Г.Б.Жунусова, С.А.Муравьева, М.М.Омарова, Л.А.Осташова марапатталды.
2020-2021 оқу жылында Біліктілік санаттан өткен оқытушыларға да куәліктер табыс етілді. Олардың қатарында Есенбекова Алтынай Есенбекқызы, Мырзагалиева Гульмира Галиасқарқызы, Мылтықбаева Жанат Төлеубекқызы, Негметжанова Нургуль Зейнуллинқызы, Ахметова Айгуль Төлеубайқызы, Ахметова Гулжибек Қартайқызы, Хайруллина Сауле Малбағарқызы, Бабаева Шолпан Мухамедиқызы, Кусайынов Санабек Ахметбекұлы, Беріков Бағдат Берікұлы бар.
Мерекелік марапаттаудан кейін ұстаздарымыздың құрметіне «Мерей» халық би тобының билерін, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісінің иегері Нұрболат Сейтмуратов пен колледжіміздің 3 курс студенті Аяжан Алданаштың орындауындағы «Ұстазым», әні мен Аяжан Алданаштың жеке орындауында «Қазақстаным алға» әні орындалды.
Мереке концерт Ұланбек Бақытұлының орындауындағы «Мерекең» әнімен қорытындыланды.
Шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыр, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір ұстаздарымызды төл мерекесімен тағы да құттықтаймыз.


Н.Сейтмұратов