Body: 






Өмірдің күзі алтын болсын!

2021 жылдың 29 қыркүйегі күні Жоғары көлік және коммуникация колледжінде 1-қазан – халықаралық қарттар күні мерекесіне арналған мерекелік концерт өткізілді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа тұс келген мереке жылдағы дәстүр бойынша колледждің ардагер ұстаздарының ақ батасымен ашылды. Ұзақ жыл колледж қабырғасында еңбек етіп саналы өмірін ұрпаққа білім беруге арнаған қарт ұстаздарға колледж директорының атынан арнайы сый-сиапаттар табысталды.
Қазыналы қарттарымыздың елдің гүлденуіне қосқан үлестері үшін алғысын білдіріп, ақ тілегін арнаған колледж директоры Зулфухар Сұлтанұлы еңбек ардагерлерін мерекелерімен құттықтады.
Әсем ән, келісімді би билеп өз өнерлерімен ортаға шыққан колледж студенттері қонақтардың зор ықыласына бөленді. Эпидемиялық ахуалға сай ұйымдастырылған іс шара көптің көңілінен шықты.
Сонымен қатар, мерекеге орай арнаулы бейне ролик дайындалып колледждің әлеуметтік желілеріне салынды.
Аға буынға құрмет, барлық жылдарға мықты денсаулық және ұзақ өмір тілейміз!


Ұ. Бақыт