Body: 






Құттықтаймыз!

Қыркүйек айының 30-ы күні Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақмола колледжінде Қазақстан халқы тілдерінің мерекесі күніне, Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай студенттер мен мектеп оқушылары арасында өткізілген «Азат елге аманат - туған тілім» атты Х қалалық жас ақындар мүшайрасы өтіп, Жоғары көлік және коммуникация колледжінен 7 студент қатысты.

Сөз додасында бас жүлдені 4ПМ-218 тобының студенті Байқадамов Нұржан жеңіп алды.

1 орын - Құрманаева Әсел (4ЭМ-418 тобы)

ІІ орын - Бейсенбаев Саят (1ЭН-221 тобы)

ІІІ орын - Серікбай Назым (2ПОВТ-220 тобы)

«Қасым Аманжолов» аталымымен Жетен Рамазан (1ПМ-221 тобы), «Қазылар таңдауы» аталымымен Федорова Мира (2ЭМ-220 тобы), «Ең жас ақын» аталымымен Сабырбай Әділбек (2ПОВТ-220 тобы) марапатталды.

Құттықтаймыз! Жаңа жеңістер және алдағы уақытта жетістіктер тілейміз!




Ахметова Г.К.