«Кітапхана – көркем ойымыздың кепілі»
2021 жылдың 6 қазанында Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК әдіскері және ШЖҚ «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» МКК кітапханашыларының ұйымдастыруымен, «Кітапхана – көркем ойымыздың кепілі» тақырыбында колледж кітапханашыларымен қалалық онлайн семинар өткізілді.
Семинар Білім беруді жаңғырту орталығының бөлім басшысы Р.Г. Амирхамзина және «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» әдіскері Ж.Т.Мылтықбаеваның құттықтау сөзімен ашылды. Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Жанар Бақытжанқызы «Оқуға құштар ұлт» жобасын жүзеге асыру бағытында колледж кітапханашыларының атқарып жатқан жұмыстары жайында айтып өтті. Семинар барысында, «Кітап оқитын колледж» әлеуметтік – мәдени жобасы туралы «Astana polytechnic» жоғарғы колледжінің кітапханашысы М. Исмагулова, «Кітап – жан азығы, өмір қазығы» тақырыбында «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» кітапханашысы М.Омарова, «Кітапхана білімнің көзі, кітапханашы оның тірегі» тақырыбында «Сервис және туризм колледжінің кітапханашысы Г.Бижанова баяндамаларын жасап презентацияларын көрсетті. Қазақстан Президенті Қ. К. Тоқаев «Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар - білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені, сонымен қатар мемлекет басышы электронды форматтың қарқынды дамып жатқанына қарамастан, дәстүрлі кітапхананың ағартушылық рөлі ешқашан мәнін жоғалтпайды деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желіде бастау алған «Қандай кітап оқып жатырсыз?» челлендж-эстафетасын қолдайтынын білдіріп, карантин кезінде оқуға 30 кітаптың тізімін ұсынды. Осы орайда «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» кітапханашысы Г. Жунусова, «Президент ұсынған 30 кітап» әлем және қазақ әдебиеті, публистика, ғылыми-танымдық, рухани жаңғыру кітаптарын оқуды ұсынады және осы бағытта колледж кітапханасында атқарылып жатқан жұмыстар жайында айта келіп осы жылы оқуға таңдап алынған кітаптарды QR код арқылы оқу үлгісін көрсетті.
ШЖҚ «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» МКК Кітапханашысы М.Омарова.