Сенің қауіпсіз қағидаң
2021 жылғы 07 қазанда Нұр-Сұлтан қаласы Жоғары көлік және коммуникация колледжінің медициналық қызметкері А.А.Мавленов, №2 Студенттер үйінің тәрбиешісі Ж.Д.Мұса студенттерге арнап ЖИТС -тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкері Турымова Ажар Талгатовнамен кездесу өткізді.
Ажар Талгатовна дәріс-әңгіме түрінде студенттерге «Сенің қауіпсіз қағидаң» қауіпсіз жүріс-тұрыстың негізгі ережелері, АИТВ-адамның иммун тапшылығының вирусы жайлы айтып берді.
Ол өз сөзінде жасөспірімдер ағзасының дамуына, жасөспірім жасындағы психологиялық проблемаларға, өз денсаулығына зиян келтіретін зардаптарға қатысты аса маңызды мәселелерді қозғады.
Іс-шара соңында А.Т.Турымова еліміздің денсаулығы мен әл-ауқаты әр адамға байланысты екенін, студенттерді салауатты өмір салтын ұстануға, белсенді азаматтық позицияға ие болуға, немқұрайлы болмауға және қоғам проблемаларынан тыс қалмауға шақырды.
Осы кездесуден кейін балалар өз өміріне жауапкершілікпен қарайтын болады, алынған ақпарат студенттерді өз тағдыры туралы ойлануға мәжбүр етеді және олар өмір сүрудің бағасын біліп, теріс іс – әрекеттер жасамайды деп үміттенеміз!
Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Г. Г. Мырзагалиева