Body: 






Кәмелет жасқа толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі

2021 жылдың 07-08 қазан күндері колледжде студенттермен Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа ауданы ювеналды полиция бөлімінің инспекторы, полиция капитаны Бақытжан Нурбаевич Ахметов және полиция лейтенанты Д.Т. Бимжановпен «Кәмелет жасқа толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі мақсаты: кәмелетке толмаған студенттер арасында құқық бұзушылықтың және жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың алдын алу, олардың құқықтық білімдерінің деңгейін арттыру болды.

Бақытжан Нурбаевич өз сөзінде «кәмелеттік жасқа толмағандар болып, әкімшілік құқық бұзушылық жасау уақытында 16 жасқа толмағандар есептелетінін, олар үшін әкімшілік жауапкершілікті ата-аналары өтейтінін» айтты. Сонымен қатар, жазаның негізгі түрлеріне де тоқталды. Дәріс барысында білікті маман Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық кодексі бойынша әкімшілік жазалардың түрлері туралы, қоғамдық орындарда темекі және электронды темекі шегуге тыйым салуды бұзу, қоқыс тастаған жағдайда 3 айлық есебінде айыппұл төленетіні туралы мәлімет берді. Қылмыстық кодекс бойынша бопсалаушылық, қоғамдық орындардағы топтық төбелес, зорлық көрсету баптарындағы кәмелет жасқа толмағандарға тағайындалатын жаза түрлеріне де тоқталды.

Дәріс соңында студенттер өздерін қызықтырған мәселелер жөнінде сұрақтар қойып, кеңестер алды. Сондай-ақ болашақта құқықбұзушылықтың соңы жақсылыққа әкелмейтінін түсінді.




Әлеуметтік педагог К. Мусина