Body: 






Желтоқсан оқиғасына – 35 жыл

2021 жылдың 12 қазаны күні Жоғары көлік және коммуникация колледжінде 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының қатысушысы, «Желтоқсан» қоғамдық бірлестігінің бірінші орынбасары Алмабаев Алибек Оқапұлымен кездесу өтті. 1986 жылы қазақ халқының ұл-қыздары Кеңес өкіметінің қаһарынан қорықпай, ұлт намысын қорғау үшін көшеге шықты. Тура 5 жыл өткен соң, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жарияланды.

Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толуына орай өткізілген кездесуде Алибек Оқапұлы жастарға өзінің ағалық ақылымен қоса кеңестік дәуірде өткен өзінің жастық шағынан қызықты әңгімелер айтып берді. Колледж студенттері қазақ тарихында орасан орны бар үлкен оқиғаның тікелей куәгерінен өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Өрімдей жастардың Отан үшін бастарын бәйгеге тігіп алаңға шыққаны, ұлттық мүдені қорғап күрескені әр қашан жадымызда.




Бақыт Ұ.