Body: 





ЭНЕРГЕТИКТЕР ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ!

2021 жылғы 23-24 қыркүйекте "Student Energy Challenge-Junior" зияткерлік командалық байқауының бірінші онлайн-финалы өтті, оның ұйымдастырушысы "Шелл Қазақстан"компаниясымен серіктес "KAZENERGY" қауымдастығы.

Байқаудың бірінші маусымы 12 колледждің ішінен 18 команда бойынша Zoom платформасында барлық топ мүшелері мен олардың жетекшілерінің қатысуымен онлайн форматта өтті. Жоғары көлік және коммуникация колледжінің атынан "Spark"командасы қатысты.

Байқау кезеңдерінде командалар "Шелл Қазақстан" компаниясының "Nxplorers"екі күндік онлайн-тренингінен өтті. Қатысқаны үшін команданың әр мүшесі сертификат алды.

Конкурстың қазылар алқасының негізгі құрамы "Шелл Қазақстан" өкілдерінен, сондай-ақ өткен жылдардағы ЖОО арасында "Student Energy Challenge" байқауының жеңімпаз командаларының өкілдерінен тұрды.

Конкурстың финалына бір ай қалғанда қазылар алқасының барлық мүшелері 18 команда жобаларының паспорттарын зерттеді. Шешім конкурс критерийлері мен сұрақ - жауап сессиясына сәйкес қабылданды.

Екі күннің қорытындысы бойынша біздің колледждің "Spark" командасы "Анаэробты ашыту арқылы шикізатты қайта өңдеу технологиясы" жобасы бойынша 2 орынды иеленді.

"KAZENERGY" қауымдастығы мен "Шелл Қазақстан" компаниясы конкурстың барлық кезеңдері бойы командалық жобаларға жалпы басшылық еткен команда мүшелері мен олардың жетекшісі С.А.Муравьеваны құттықтады.

Жүлде ретінде "Spark" командасының әрбір мүшесі: Гуня Дмитрий, Шатунова Надежда және Шлык Виталий 2021-2022 оқу жылы ішінде ай сайын 35 000 теңге мөлшерінде стипендия алатын болады.

Студенттер мен жетекшісі С.А.Муравьеваны тамаша нәтижелермен құттықтаймыз және болашақта сәттілік тілейміз!



Директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Л. Матвеева