Body: 





Діни экстремизмнің алдын алу

2021 жылдың 22 қазанында бірінші курс студенттеріне колледждің тәрбие бөлімімен Нұр-Сұлтан қаласы əкімдігінің «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС және көліктегі полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастыруымен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» және «Діни сауаттылықты арттыру» тақырыптарында ақпараттық дəріс оқылды. Дəрісті Нұр-Сұлтан қаласы ІІД діни экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының полиция капитаны Е.В.Джура мен дін бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы А.А.Ерназаров оқыды.

Дәрістің басты мақсаты: діни сауаттылықты арттыру, теріс пиғылды діни ағымдар бойынша діни терроризм мен эктремизмнің алдын алу; жастар санасына және қоғамға ірткі салатын дәстүрлі емес, теріс пиғылдағы, деструктивтік діни ағымдардан сақтанудың жолдарын студенттер санасына ұғындыру.

Ағартушылық әңгіме барысында Алмас Әзімханұлы тыңдаушыларды Қазақстан аумағында тыйым салынған діни әдебиет және елдегі тыйым салынған діни ұйымдар туралы хабардар етті. Сот шешімі бойынша ҚР аумағында 22 шетелдік діни ұйымға тыйым салынған, олардың арасында «Әл-Каида», «Асбат Аль-Ансар», «Боз гурд», «Братья-Мусульмане», «Ислам джихад тобы», «Шығыс Түркістанның ислам қозғалысы».

Евгений Владиславович Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы күрес туралы» заңына ерекше тоқталды. Студенттер жарылыс қаупі бар заттарды (қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, граната, снаряд және т.б.) немесе күдікті иесіз затты байқаған жағдайда, оған кездейсоқ адамдардың жақындауына және өз бетінше залалсыздандыруға мүмкіндік берместен, дереу полицияға хабарлау керектігін айтты. Жарылыс құрылғысы анықталған кезде оған өз бетінше жақындамау, тиіспеу, орнынан қозғамау керектігін де ескертті. Егер де кез-келген азамат террористік іс-әрекет туралы полицияға жалған қоңырау шалып, ақпарат тараттын болса, ол Қазақстан Республикасының белгіленген заңына сәйкес айыппұл төлеп, жауапкершілікке тартылатынын айтты.

Полиция капитаны студенттерге желідегі кибербуллинг жағдайында өзін қалай ұстау керектігін, ақпараттық сауаттылықты қалай арттыру керектігін, жеке ақпаратты таратудан қалай аулақ болу керектігін, интернет-қудалау жағдайында не істеу керектігін және т.б. айтып берді.

Кездесу мамандарға қойылған сұрақтармен және оларға толық жауаптармен аяқталды.



Г.Мырзагалиева