Халық санағы-2021
2021 жылдың 28 қазаны күні Жоғары көлік және коммуникация колледжінің «Мейрім» волонтерлық клубы елімізде болып жатқан республикалық халық санағын қолдау акциясына қатысты. «Астана Жастары» КММ ұйымының қолдауымен өткен іс-шараға студенттеріміз белсенді қатысып, өздерінің нағыз отаншыл жастар екенін көрсетті. Колледж еріктілері елорданың халық көп шоғырланатын аймақтарына барып, арнайы дайындалған жаднамаларды таратты. Волонтерлар халық санағы туралы тұрғындарды хабарландырып, еліміз үшін маңызды оқиғаға өз үлестерін қосты.
Осы орайда барша оқырмандарымызды Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы үшінші халық санағына белсенді қатысуға шақырамыз!
Бақыт Ұланбек