Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу
2021 жылғы 29 қазан күні Жоғары көлік және коммуникация колледжінің 1 курс студенттерімен «Құқық» ҚҚ психологы Д.Р. Менденова және заңгеры А.В. Клипикова «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді. Мақсаты - студенттердің нашақорлыққа деген теріс көзқарасын қалыптастыру, «нашақорлық-бұл қорқынышты ауру, көңілді ойын-сауық емес» екенін жеткізу.
Кездесуде келесі өзекті мәселелер қарастырылды:
• Есірткіні қолдану заңмен қудаланады ма?
• Олар есірткіні пайдаланғаны үшін түрмеге түсе алады ма??
• Кедейлікте тұратын отбасыға көмектесу үшін есірткі сатуға келіскен адамды ақтауға болады ма?
• Жеке адам мен жалпы қоғам үшін есірткінің қауіптілігі неде?
Студенттер психолог Дарина Рустамовна өткізген рөлдік ойындарға белсенді қатысты. Сондай-ақ тыңдаушылармен әлеуметтік ролик көру және оны талқылау ұйымдастырылды.
Кездесу жемісті және қызықты өтті, сенімді және еркін жағдай жасалынды. Кездесу соңында студенттер психолог Д.Р. Менденова мен заңгер А. В. Клипиковаға қызықты және танымдық әңгіме үшін алғыс білдірді.
Әлеуметтік педагог К.А.Мусина