4ЭТХ-118, 4ПМ-218 топтары студенттерінің технологиялық тәжірибе қорытындысы бойынша конференция
2021 жылдың қараша айының 12-ші жұлдызында колледждің жиын залында 4ЭТХ-118, 4ПМ-218 топтары студенттерінің технологиялық тәжірибе қорытындысы бойынша конференция өтті. Конференцияға колледж директорының оқу ісі жұмыстары бойынша орынбасары Есенбекова Алтынай Еснбековна, оқу-өндірістік жұмыстар бойынша орынбасары Жүнүспеков Өміргүл Хамзаұлы және әлеуметтік серіктес мекемелердің өкілдері: «Қазақстан Темір жолы» ҰК» АҚ филиалы Қырқыншы машиналандырылған жол дистанциясының өндірістік оқыту шебері - Жайлимесов Қанат Елеуұлы, «Қамқор Локомотив» АҚ-ның ВЛ-80 электровозына сервистік қызмет көрсету цехының бригадирі - Қансеитов Дархан Қаратайұлы қатысты.
Өз сөзінде А.Е.Есенбекова келешек оқу бітірушілерді ең басты оқу кезеңін – өндірістік – технологиялық тәжірибені сәтті аяқтауларымен құттықтады, кәсіби дайындық деңгейін бағалаужәне біліктілікті тағайындау бойынша теориялық және тәжірибелік емтихандарын, мемлекеттік емтихандарды және дипломдық жобаны жақсы тапсырып, табысты аяқтауларына өз тілегін білдірді.
«Қазақстан Темір жолы» ҰК» АҚ филиалы Қырқыншы машиналандырылған жол дистанциясының өндірістік оқыту шебері - Жайлимесов Қанат Елеуұлы ,біздің колледж студенттерінің теориялық және практикалық тұрғыдан жақсы дайындықтарын, жұмысқа деген салмақты және жауапкершілік қарым қатынастарын атап өтті.
Төртінші курс студенттері теміржол саласындағы әртүрлі мекемелердегі өткен тәжірибедегі жинақтаған ойларымен бөлісті. Төменгі топтың студенттеріне өндірістегі кездесетін қиыншылықтар, құжат тарды рәсімдеу туралы айтып берді. Жұмысты ұйымдастыру және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша сұрақтарға көп көңіл аударды.
Төменгі курс студенттерін тәжірибеге орналасу, келісім шарт жасасу, мекеме басшылары мен қызметкерлерінің тәжірибе өтуші студенттерге қарым қатынасы бойынша сұрақтар қызықтырып, соған қатысты тиісті жауаптарын алды.
Барлық студенттер өндіріс тарапынан тағайындалған жетекшілерден жақсы лебіздер мен кепілдемелерді алып келді. Өндірістік тәжірибенің қорытындысы бойынша аталған мамандықтар студенттердің білімінің деңгейі өте жоғары:үлгерім- 100%,білім сапасы –100%, орташа балл- 4,4
Конференция кәсіби – іскерлік деңгейде өтті. Конференцияға қатысушылар әлеуметтік серіктестерге конференция жұмысына белсенді қатысқандары үшін алғыстарын білдірді.