Body: 





Егеменді еліміздің ертеңі-білікті мамандардың қолында

2021 жылдың 16 қарашасында колледждің мәжіліс залында және ZOOM платформасында онлайн түрде қосылу арқылы 1409000 «Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы» 1203000 «Тасымалдауды ұйымдастыру және темір жол көлігінде қозғалысты басқару» мамандықтары бойынша 4 курс студенттерінің өндірістік –технологиялық тәжірибесі қорытындысы бойынша есеп беру конференциясы өтті. Конференцияға осы мамандықтар бойынша барлық топ студенттері қатысты.

Конференция ашылу салтанатын колледж директорының оқу өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары О.Х. Жунуспеков атқарды.

Сөздерінде студенттерге технологиялық тәжірибенің маңызын айтты және дуалды оқыту жүйесін іске асырудың нәтижесі ретінде 1409000 «Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы» 1203000 «Тасымалдауды ұйымдастыру және темір жол көлігінде қозғалысты басқару» мамандықтарының студенттері осы тәжірибе қорытындысы бойынша әлеуметтік серіктестер мекемелерінде өз мамандықтары бойынша жмыс жасап жатқанын атап көрсетті.

Конференцияға арнайы ҰК «ҚТЖ» АҚ-ның филиалы –Астана жол дистаниясының еңбекті қорғау бойынша инженері Ермеков Б.Ж., «ЖТ «ҚТЖ» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан -1 стансасының тауар кассирі Мейрамова А.Қ. шақырылған.

Алғашқы сөз келген қонақтарға берілді.

«Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының филиалы – Астана жол дистаниясының еңбекті қорғау бойынша инженері Ермеков Б.Ж. өзінің осы колледждің түлегі екенін, мамандыққа қалай келгенін, студенттердің дұрыс әрі жақсы мамандықты таңдағаны туралы, теміржолда жұмыс жасаудың жауапкершілігі туралы әңгіме қозғады. Сөзінің соңында студенттерге болашақта жақсы маман иесі болуыларына және колледж ұжымына жұмыста табыс пен сәттілік тіледі.

«ЖТ «ҚТЖ» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан -1 стансасының тауар кассирі Мейрамова А.Қ. студенттерді өндірістік тәжірибені жақсы өткенін атап өтіп, колледж ұжымына алғысын білдіріп, білікті маман даярлауда жетістіктер мен шығармашылық табыс тіледі.

Хасуева Алина– студент 4Д-118 тобы, Дулатбаева Касиет студент 4С-218 тобы, Нұрқали Ерасыл - 4Д-218 тобының студенттері өз баяндамаларымен таныстырып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, тәжірибеден жиған-түйген білімдерімен бөлісті.

Конференция соңында келген қонақтар студенттерге оқуда табыс, шығармашылықта шыңнан көріне берулерін тілектестік білдіріп, тәжірибе барысында өздерін жақсы қырынан көрсеткен студенттерге алғыс хат табысталғаны да ескерілді.