Body: 






Қазақстан Республикасы колледждерінің ең үздік 100 студенті

Сүйінші!

Жоғары көлік және коммуникация колледжінің 3 курс студентті Ералханұлы Арнұр «Қазақстан Республикасы колледждерінің ең үздік 100 студенті» жобасының жеңімпазы атанды.

«Ең үздік 100 студент» республикалық конкурсы үшінші рет ұйымдастырылып жатыр. Басты мақсаты: талантты жастарды қолдау, жұмысшы және техникалық мамандықтарды насихаттау, кәсіптік білім беру ұйымдарының үздік студенттерін анықтау. Байқаудың республикалық кезеңіне елордамыздың колледждерінің он студенті қатысқан болатын. Олардың арасынан ең үздік деп танылған төрт студент республикалық кезеңнің жеңімпазы атанып отыр.

Республикалық байқауда Нұр-Сұлтан қаласының намысын қорғап үздік «жүздікке» кірген Ералханұлы Арнұр Жоғары көлік және коммуникация колледжінің 3 курс студентті. Радиоэлектроника және байланыс мамандығын меңгеріп жатқан Арнұр үздік студенттердің бірі. Сабақтан бос уақытында қоғамдық іс шаралармен, әлеуметтік акциялардан сырт қалмайтын студент, бірталай жастар ұйымдарының мүшесі.

«Үздік студент» деген атына лайық Арнұрды колледж ұжымымен студенттер атынан құттықтаймыз!




Г.Мырзагалиева