КЕЗДЕСУ
2021 жылдың 19 қарашасы күні Жоғары көлік және коммуникация колледжінде Сарыарқа ауданы Ішкі саясат басқармасы мен Нұр-Сұлтан қаласы «Діндерді зерттеу орталығының» өкілдерінің қатысуымен 1-2 курс студенттерімен кездесуі өтті. Сонымен қатар кездесуге аға участкелік инспектор полиция капитаны Абдухаликов Самат Калмаханбетович қатысты. Кездесудің мақсаты - жастарды қаламызда болып жатқан жаңалықтармен, жастарды қолдауға арналған жобалармен таныстыру және студенттердің дінни сұрақтарына жауап беріп, тыйым салынған дінни ұйымдардың үгіт насихатынан аулақ болуға шақыру болды.
Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласы студенттер мен жастардың өмір сүруі үшін және өзін өзі дамытып тұлғалық даму үшін барынша жағдай жасалған қалалар тізімінде. Жастардың бос уақытын тиімді пайдаланып талантын ұштауы үшін, өзіндік хоббиімен айналысып жағымды орта табуы үшін әкімдік жанынан құрылған Ішкі саясат басқармасы мол еңбек етуде. Жастар мен жас отбасыларды қолдау, әлеуметтік көмек көрсету мақсатында түрлі жобалар мен акциялар көптеп ұйымдастырылуда. Кездесу қонағы Сарыарқа ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің басшысы Байманов Исламбек Айдарұлы мырза студенттерді осындай пайдасы мол жобалармен таныстырып, үкімет тарапынан қандай көмек алуға болатынын толық түсіндірді. Студенттер де өздерінің сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
Келесі болып сөз алған Нұр-Сұлтан қаласы «Діндерді зерттеу орталығының» өкілі Советов Темірлан Жанатұлы қазіргі таңдағы дінни ахуалды айта келіп елімізде тыйым салынған экстремисттік ұйымдардың үгіт насихатын тыңдамауға және бейне жазбаларын қарамауға, таратпауға шақырды. Әлеуметтік желіде және интернет желісінде тараған дінни ақпараттарды қарау мен таратудың заңсыз екенін түсіндірді. Сондай-ақ білім алу мекемелерінде дінни жоралғыларды орындау, киім үлгісі секілді студенттердің қойған сұрақтарына жауап берді.
Кездесуге қатысқан аға участкелік инспектор полиция капитаны Абдухаликов Самат Калмаханбетович студенттерге жолда жүру ережелерін, қоғамдық орындарда тәртіп бұзбау шараларын түсіндірді. Түнгі мезгілде кәмлеттік жасқа толмағандарға жүруге болмайтынын ескерткен инспектор, ұсақ құқық бұзушылықтар туралы толық мәлімет беріп жастарды заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құзырлы орган өкілдерінен толық жауап алды.
Ұ. Бақыт