Body: 





ҮЗДІК ЖАС ПЕДАГОГ-2021

2021 жылдың қараша айының 25 күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен "Үздік жас педагог-2021" қалалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Біздің колледждің өкілі, байқауға қатысушы жас маман Бақыт Ұланбек қатысты.

Байқау сырттай екі кезеңде өтті. Бірінші іріктеу турында жас мамандар сарапшыларға өзін-өзі таныстыру мен ашық сабақтың бейнебаянын ұсынды.

Екінші кезеңде жас оқытушылар, өз тәжірибесімен бөлісіп, оқу үрдісінде қолданатын лайфхактарын сипаттады.

Іріктеу турлары бойынша қорытындысы жинақталған ұпайларының озық нәтижесімен, қала колледждерінің жас мамандарының ішінен Бақыт Ұланбек жүлделі ІІ орынды иеленді.

Байқау қорытындысы бойынша Бақыт Ұланбек ІІ дәрежелі дипломмен, бағалы сыйлықпен марапатталды.

Ұланбек Бақытұлын жеңісімен құттықтаймыз!

Зор денсаулық, отбасына амандық, шығармашылық пен шабыт тілейміз!

Жарайсың, Ұланбек!



Методист: Мылтыкбаева Ж.Т.