Body: 

ЕЛОРДАМЫЗДА БАЯНҒАЛИ ӘЛІМЖАНОВПЕН «ПАРАСАТТЫЛЫҚ САҒАТЫ» ӨТКІЗІЛДІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті қазақ ақыны, жазушы, драматург, ақын-импровизатор, жыршы-жырау, манасшы, сатирик, әдебиеттанушы, режиссер, сценарист, киноактер, журналист, кинодокументалист, тележүргізуші, балалар ақыны және балалар жазушысы Баянғали Әлімжановпен кезекті онлайн «Парасаттылық сағатын» өткізді.

Баянғали Әлімжанов - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қырғызстанның «Достық» орденінің кавалері, Манас батыр туралы қырғыз эпосының Қазақстандағы жалғыз манасшысы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, 50-ден астам кітаптың авторы.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері өмір бойы өзінің бар күш-жігерін Қазақстанның рухани мәдениетін дамыту мен қалыптастыруға жұмсады. Ақын театр, кино, өлең және поэзия арқылы өскелең жастарға жоғары адамгершілік қасиеттер қалыптастыруға және оларды парасаттылық, адалдық және әділеттілік жолына бағыттауға болады деп санайды.

Сұхбат барысында Баянғали Әлімжанов отбасы құндылықтары, бірлік және өзара құрмет тақырыбында өз ойларымен бөлісіп, жастарды патриотизм мен парасаттылыққа шақырды.

Жазушы атап өткендей: «Адалдық пен әділеттілік -бізді алға жетелейтін басты қасиеттер. Бірақ адам адалдық пен әділеттілік сезімін жоғалтқан жағдайда, бұл адамзат өмірінде соғыстар мен зорлық-зомбылықты тудырды».

Ақын қазіргі жастардың ежелгі ақындардың әдебиетін оқуға деген сүйіспеншілігін ояту қажеттілігіне ерекше назар аударды, өйткені олардың өлеңдері мен әңгімелерінен рухани дамудың қайнар көзін табуға болады.

Бүгінгі күні Баянғали Әлімжанов - көпшілік үшін үлгі. Әр кездесуде ол жастарды алға қойған мақсаттарына жету жолында аянбай еңбек етуге, үлкендерді құрметтеуге, Отанын сүюге және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

«Парасаттылық сағаты» акциясы аясында Қазақстанның танымал тұлғаларын тарта отырып, жастар арасында парасаттылық идеологиясын ілгерілету жалғастырылатын болады.