Body: 





Репродуктивті денсаулықты сақтау

2021 жылдың 25 қараша күні Жоғары көлік және коммуникация колледжінде студент қыздар арасында «№5 отбасылық денсаулық орталығы» ЖШС учаскелік дәрігері Бекзат Айдын Тузелбаевна қатысуымен «Репродуктивті денсаулықты сақтау. Іс-шараның мақсаты-студенттердің салауатты өмір салтына, отбасындағы әл-ауқат пен бақытқа деген құнды көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету; ерте жүктіліктің алдын алу.

Айдын Тузелбаевна 2-3 курс қыз студенттеріне ерте жүктілік мәселелері туралы айтып берді. Семинарда келесі мәселелер қаралды және талқыланды:
1. Отбасын жоспарлау және контрацепция туралы түсінік.
2. Ерте жүктілік туралы түсінік, ерте жыныстық белсенділіктің және ерте жүктіліктің медициналық, әлеуметтік және психологиялық аспектілері.
3. Адамгершілік және жыныстық тәрбие түсінігі, негізгі аспектілері.
4. Жүктілікті жасанды тоқтату, жасөспірім ағзасына әсері.
5. ЖЖБИ белгілері, салдары, сонымен қатар олардан қорғану әдістері.

Тәжірибелі маман жасөспірімдермен болған күтпеген жағдайларды шешу бойынша өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті.

Семинар соңында студенттер тақырып бойынша сұрақтарын қойып, жауаптар алды.



Мавленов А.А.