«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты
ІХ қалалық дәстүрлі жас ақындар мүшәйрасы
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы және Жоғары көлік және коммуникация колледжінің ұйымдастыруымен 2021 жылғы 26 қарашада Нұр-Сұлтан қаласының техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері студенттері арасында 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты ІХ қалалық дәстүрлі жас ақындар мүшәйрасы өткізілді.
Жоғары колледжде бұл дәстүрлі мүшәйра қатарынан тоғызыншы рет өткізіліп отыр. Іс-шараның мақсаты - Егемендігімізді еңселі, Тәуелсіздігімізді тұғырлы еткен, Қазақ елін әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесіне айналдырған – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегіне деген құрмет, оған деген риясыз сүйіспеншілікті дәріптей отырып, өлең-жырларына арқау ету. Сонымен қатар жастардың өз қаламынан туған Елбасыға деген жүрек жарды жырларын көпшілікке ұсыну.
Салтанатты шара Нұр-сұлтан қаласы білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау бөлімінің басшысы Ақмарал Рахметоллақызы Хонның құттықтауымен ашылды. Поэзия сүйер қауымды Тұңғыш Президент күнімен және келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, ол: "Біз жас ұрпақтың біздің Президентіміздің елдің қалыптасуында қандай рөл атқарғанын білуін қалаймыз", - деп атап өтті. Жас ақындарға сәттілік, сарқылмас шабыт және жеңіс тіледі.
Ұйымдастырушылар Нұр-сұлтан қалалық филиалының Жас Отан жастар қанатының төрағасы, қалалық мәслихаттың депутаты Жанділдаев Бақдәулет Болатұлына және "Астана жастары" КММ басшысы Тлеулин Шыңғыс Маратұлына іс-шараға демеушілік көрсеткені үшін алғыс білдірді.
Мүшайраға Нұрсұлтан қаласының танымал тұлғалары шақырылды.
Өлеңдер байқауына Нұрсұлтан қаласының 37 колледжінен 50 жас ақын қатысты, оның ішінде іріктеуден өткен 21 ақын финалға жолдама алды.
Байқаудың қазылар алқасының құрамына Нұрсұлтан қаласының танымал шығармашылық тұлғалары кірді:
1.Асқар Алтай – жазушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, қазылар алқасының төрағасы;
2.Бауыржан Қарағызұлы – ақын, «Мәдениет порталы» ақпараттық агентігінің құрылтайшысы және бас директоры, қазылар алқасының мүшесі;
3.Толымбек Әбдірайым – ҚР-ның халық жазушысы, мәдениет қайраткері, Ы.Алтынсарин атындағы медальдің иегері, ақпарат саласының үздігі, қазылар алқасының мүшесі;
4.Олжас Әбілұлы Қасым – ақын, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасының шеф-редакторы, «Серпер» Жастар Одағы сыйлығының, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, қазылар алқасының мүшесі.
Ақындар мүшәйрасы екі кезеңнен тұрды:
1 кезең: Колледждің студенттері арасынан жас ақындардың өлең – жырларына кезек беру.
2 кезең: Ақындардың өнерін бағалап, марапаттау.
Қазылар алқасы ақындардың өлең-жырларын іріктеу барысында өлеңнің тақырыбына мән беріп, мазмұны мен көркемдік сапасына назар аударды. Қазылар алқасының төрағасы Асқар Алтай - сөз қадірі мен жыр жолдарының маңыздылығын, ақындардың өлең- жырды өрнектеудегі өзіндік ізденістерін айта отырып, студенттер арасынан үздік өнер көрсеткендерге арнайы жүлделі орындарды белгілеп, сахна төрінде марапаттау рәсімін өткізді.
Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлде Байқадамов Нұржан (Жоғары көлік және коммуникация колледжі), 1-орын Оразай Мұхаммад (Жоғары көлік және коммуникация колледжі), 2-орын Бұғыбай Асылан (Индустриалды инженерлік-экономикалық колледжі), 3-орын Парахатова Құлпынай (Астана халықаралық университетінің педагогикалық колледжі) және Смағұл Алдияр (Қаржы академиясы) берілді. Жүлделі орындарға иеленген ақындарға Дипломдар мен бағалы сыйлықтар, ал жетекшілеріне Алғыс хаттар табысталды. Барлық қатысушыларға сертификат пен сыйлықтар берілді.
Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау бөлімінің жетекшісі Хон Ақмарал Рахметуллиевнаға - жеңімпаздарға алғыс білдіре отырып, үздік өнер көрсетіп, жүлделі орындарды жеңіп алған жастарға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттарын, жыр мүшәйрасының өлең-жырлары топтамасын өз қолымен табыстады. Салтанатты іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы,
Педагогика ғылымдарының магистрі С.А. Алимова