Body: 





Құттықтаймыз!

2021 жылдың 30 қарашасы күні ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының әкімдігі өткізген қалалық «Алматы ауданы әкімінің кубогы» атты жайдарман ойынында Жоғары көлік және коммуникация колледжінің «АКТК» командасы 2-орынды жеңіп алды. «Шабыт» өнер университетінде өткен қалалық әзілкештер сайысына елордамыздың Жоғары оқу орындарымен қатар колледж студенттері де қатысты. Үздік жайдарманшылар бас қосқан сайыста жеңіске жету - үлкен жетістік!

Жарайсыңдар, жігіттер!



Ұ. Бақыт