Body: 





Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі

Жастар арасындағы құқықбұзушылықтың және кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу мақсаттында 30 қараша күні колледжде Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы ювеналдық полициясының инспекторлары, полициия капитандары Қасқарау Ізет Дәулеткелдіқызы және Бескембирова Агиля Болатовнамен колледждің медициналық қызметкері Мавленов Абдыманап Абдыхалыкұлы қатысқан кездесу өтті.

Полиция капитаны Ізет Дәулеткелдіқызы студенттерге жиі кездесетін құқықбұзушылықтарды айта келе, заң бойынша қандай жазалар көрсетілгенін түсіндірді. Әкімшілік және қылмыстық кодекстің кей баптарын қарапайым тілде жастарға түсіндіре келе кәмлеттік жасқа толмаған студенттер заң бұзған жағдайда олардың ата-аналарына айыппұл салынатынын ескертті. Студенттерді білім беру мекемелерінде, қоғамдық орындарда өздерін дұрыс ұстап, заң талаптарын қатал орындауға шақырған инспектор батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» деген қанатты сөзін тілге тиек етті. Сонымен қатар жастар арасында және қоғамда жиі кездесетін: алаяқтық, ұрлық, ұсақ құқықбұзушылықтар мен әлімжеттік көрсету сияқты қылмыстардың қатаң жазаланатыны ескертіп толық түсіндірді.

Ал колледждің медициналық қызметкері Абдыманап Абдыхалыкұлы жастар арасындағы жыныстық қатынасты реттеу арқылы ұлт саулығын жақсарту мақсатында түрлі жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Балалар мен жасөспірімдерге осы бір нәзік тақырыпты отбасында түсіндірген дұрыс. Гармондық өзгерулер мен ағзадағы өзгерістер кезінде дұрыс ақпарат алған жастар салауатты өсіп жетілері анық. Тәжірибелі дәрігер ұл мен қыздың арасындағы достық, махаббат сынды тақырыптарды айта келіп жоспарсыз жүктілік тақырыбына тоқталды. Жасанды түсік тастаудың денсаулыққа тигізер зор зианын түсіндіре келе контрацептикалық қорғаныс заттарын пайдалануды түсіндірді.

Кездесу соңында жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауап алды.



Кулян Мусина