Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ
2021 жылдың 3 желтоқсаны күні колледжде "Таза сессия" акциясы аясында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында Нұр-Сұлтан қаласы Нұр Отан партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ақпараттық-ағартушылық тобының жетекшісі Шыңғысхан Шопанұлы Қожахметов пен "Астана адалдық алаңы" жобасы жетекшісінің м.а., Нұр-Сұлтан қалалық маслихатының депутаты, "Жас Отан" ЖҚ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Бақдәулет Болатұлы Жанділдаевпен кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты студент жастарға «Таза сессия» акциясын таныстырып, емтиханның ашықтығын қамтамасыз ету, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу. Сондай-ақ студенттер мен оқытушылар арасында адалдық құндылығын кеңінен насихаттау болды.
Қазіргі таңда бүкіл әлемде кең етек жайған жемқорлық дерті тек қана белгілі бір салаларды ғана қамтып сол салаларды ған күйзеліске әкелмей, тұтас елді сергелдеңге салуда. Әсіресе елдің дамуымен болашағына тікелей әсер ететін білім саласындағы жемқорлық дауы толастар емес. Сол үшін де студенттермен оқытушылар арасындағы алыс берістің зиянымен жәй жапсары туралы толық мәлімет берген тәжірибелі мамандар, жастарға жемқорлықтан сақтану керектігін қатаң ескертті. Жемқорлыққа қатысы болған әр адам, яғни алушы және беруші тараптың екеуі де Қазақстан Республикасының заңымен жазаланатыны туралы айтылып, конституцияның бірнеше баптары толық түсіндірілді.
Сөз соңында студенттердің қойған сұрақтарына жауап берген қонақтар, тәрбиелік мәні бар естеліктерімен бөлісіп, жастарға ағалық ақылдарын айтты.
Бақыт Ұланбек