Ауызша журнал «Моя гордость - Независимый Казахстан!»
2021 жылдың 9 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Жоғары көлік және коммуникация колледж кітапханасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Моя гордость - Независимый Казахстан!» тақырыбында ауызша журнал өткізілді. Шараның мақсаты студенттердің Тәуелсіздік туралы білімін толықтыру, Отан сүйгіштікке және тәуелсіздікті бағалай білуге тәрбиелеу болды.
Ауызша журналдың алғашқы бетінде студенттерге Мемлекетіміздің тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері жайында ақпарат берілсе, екінші бетінде ҚР Тәуелсіздік жылдары тақырыбында бейне фильм көрсетілді, үшінші бетінде Елбасы Н. Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабы таныстырылды. Төртінші бетінде Тәуелсіз мемлекетіміздің бас қаласы Нұр – Сұлтан қаласының көрнекті жерлерінің тарихы жайында мәлімет беретін презентация көрсетілді.
Туған жерге деген сүйіспеншілік өткенге құрметпен қараудан көрінеді, онсыз лайықты болашақты құру мүмкін емес.
М.Омарова