Body: 





Құрметті әріптестер!

Сіздерді келе жатқан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні және 2022 Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. .

Сіздерге және Сіздердің жақындарыңызға зор денсаулық, амандық және жұмыста табыс тілейміз!

Алдағы мерекелер қарсаңында Сіздердің назарларыңызды сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, Қазақстан Республикасы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңын сақтау қажеттілігіне аударамыз.

Біз белсенді азаматтық ұстанымды көрсетуге және заңсыз алымдар мен сыйлықтар алуға қарсы тұруға шақырамыз. Сыйлықтарды, соның ішінде ата-аналардан қабылдауға, сондай-ақ қызметкерлерге және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларына сыйлықтар беруге (сыйға тартуға) үзілді-кесілді тыйым салынады.