Body: 





24.12.2021

Білімділер сайысында 1 орын!

Бүгін "Астана жастары" КММ ұйымдастыруымен Jas Nomad орталығында өткен қалалық "Не? Қайда? Қашан?" интеллектуалды ойынында Жоғары көлік және коммуникация колледжінің командасы жеңіске жетті. Тәжірибелі оқытушы, білікті маман Жамбыл Аралбекұлы жасақтаған біздің топ сан түрлі сұрақтарға сүрінбей жауап беріп, өзге колледж командаларынан оқ бойы озып шықты. Жеңімпаз жастар арнайы дипломмен қоса әр қайсысы 20 000тг сертификатпен марапатталып жалпы есепте 100 000тг жүлде қорына ие болды.

Жастарымызға ұлттық рух беріп, жаңаша ойынмен керемет көңіл күй сыйлағаны үшін "Астана жастары" КММ және бөлім басшысы Сапарәлі Арайлым ханымға үлкен алғыс білдіреміз.