25.12.2021
БІЛІММЕН БИЗНЕСТІҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ
ЖАҢА КӨКЖИЕКТЕРІ
2021 жылғы 24 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласының Жоғары көлік және коммуникация колледжі базасында техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту – «Жас Маман» жобасы аясында колледж және «RTD Energy Expert» ЖШС арасында екі жақты мерзімі шектеусіз меморандумға қол қойылды.
Бұл оқу орнының және энергетика мен энергия үнемдейтін технологиялар саласында жұмыс істейтін кәсіпорынның да маңызды бастамасы.
Екі тараптың кәсіби ынтымақтастығы білікті кадрларды мамандандырылған даярлауды, тағылымдамадан өтуді және біліктілігін арттыруды, сондай-ақ әдістемелік жұмысты дамытуға және жетілдіруге ықпал етеді.
Меморандумның негізгі мақсаты – тараптардың ғылыми, білім беру, инновациялық, технологиялық әлеуетін біріктіру және оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету негізінде кадрлардың үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету.
Осы Меморандум аясында бірлескен ынтымақтастық келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
• материалдық-техникалық, ақпараттық және басқа да ресурстық қамтамасыз етілуін жақсарту арқылы білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету;
• оқу процесіне заманауи ғылыми технологияларды тарту;
• тараптардың материалдық-техникалық базасы мен кадрлық әлеуетін пайдалану тиімділігін арттыру;
• бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру және олардың нәтижелерін оқу үдерісіне және практикалық оқытуға енгізу.