23.12.2021
Тәжірибе алмасу семинары
2021 жылдың 23 желтоқсан күні «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының психологиялық қызмет бөлімінің әдіскері Талжібек Сатылғановна Сатымбекова мен колледждің педагог-психологы Эльмира Сериковна Бегалиеваның ұйымдастыруымен колледж педагог-психологтарына тәжірибе алмасу мақсатында оқыту семинары өтті. Семинарға Нұр-Сұлтан қаласы колледждерінен 28 педагог-психолог қатысты. Семинардың мақсаты - «Жасөспірімдердің аддиктивті мінез-құлыққа бейімділігінің психологиялық факторларын анықтау» бойынша «Амалтея» бағдарламасының тиімділігін, маңыздылығын түсіндіру және тәжірибемен бөлісу. Семинар барысында Эльмира Сериковна бірінші курс студенттерінің бейімделуі мен аддикциясын ұйымдастыру кезінде қолданатын әдіс-тәсілдеріне тоқталды. Диагностика жүргізудегі туындайтын мәселелер бойынша тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.
Семинар соңында жас психолог мамандар рефлексия жасау арқылы, сұрақтарына жауап алып, ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Г. Мырзагалиева