Body: 





25.12.2021

Жеңімпаз жастар!

2021 жылдың 25 желтоқсаны күні ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік – азаттықтың асыл кепілі» атты студент жастарды марапаттау рәсімі ұйымдастырылды.

Колледжіміздің мерейін республикалық, қалалық олимпиядаларда, байқаулар мен сайыстарда, спорттық додаларда үстем етіп жүрген шәкірттерімізді колледж директоры өзі марапаттап, жылы лебізін білдірді. «Тәуелсіздікке жету қандай маңызды болса, оны сақтап қалу да соғұрлым ерік-жігерді қажет етеді. Ел жастары мұны жете түсіну керек» - деп, сөзін мерекелік құттықтаумен бастаған Зұлфұхар Сұлтанұлы сан салада топ жарып, жеңіске жетіп жүрген жастарға жеке жеке тоқталып, өз ризашылығын білдірді. Саяси ғылымдарының докторы, Нұр-Сұлтан қаласы Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері директорлар кеңесінің төрағасының құттықтауынан соң марапаттау кеші мерекелік концертке ұласты. Өнерлі де талантты жастар жас жеңімпаздарға әсем әнмен көңілді қалжыңдарын тарту етіп кештің көркін қыздырды.





Бақыт Ұланбек