Body: 





04.02.2022

Сенің сайлау құқығың

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа ауданыны бойынша аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен дүниежүзілік сайлау күніне орай "Сенің сайлау құқығың " тақырыбында жас сайлаушылармен кездесу шарасы аясында дебат ойыны өткізілді. Тартысқа толы өткен пікірсайыста ұтқыр ой, нақты дәлелдер келтірген көркем сөзді Жоғары көлік және коммуникация колледжінің студенттері Ғалымжанұлы Альтаир мен Қонысбек Жәнібек тің "Тальго" фракциясы жеңіске жеттіп, арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Сайыс жеңімпаздарына сайлаушыларға арналған нұсқаулық кітап табыс етілді.