04.02.2022
Білімді ел - Образованная страна
Бүгін колледжміздің арнайы пәндер оқытушысы, жастар ісі комитетінің инспекторы Ұланбек Бақытұлы және Қазақстан Республикасы колледждерінің "100 үздік студенті" жобасының жеңімпазы 3 курс студенті Ералханұлы Арнұр "Білімді ел - Образованная страна" Республикалық білімділік қоғамдық - саяси газетінің бас редакторының шақыртуымен барып, сұхбат берді. Сұхбат барысында Ұланбек Бақытұлы колледжміздің осы уақытқа дейін жеткен жетістіктерін атап өтіп 75 жылдық тарихымен бөлісті. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бизнес өкілдерімен кездесуінде "Қазіргі уақытта білікті кадрлар тапшы, техникалық мамандық иелері жоқ деп шағымдана берудің орнына колледж секілді оқу орындарында білім алып жүрген жас мамандарды ірі кәсіпорындар тәжірибеден өтуге шақырып, шеберханаларда жұмыс істеуге мүмкіндік беруі тиіс" деген сөзіне тоқталып, өзінің ойын айта кетті. Ал Ералханұлы Арнұр өзінің жеткен жетістіктерін және жалпы "Үздік 100 студент" жобасы туралы айтып өтті. Жалпы байланыс саласында жұмыс істеймін деген мамандарға Beeline, Қазақтелеком секілді көптеген жұмыс орындары бар. Тек жұмыс істеймін деген ынта, білім болса болды деп өз ойын тәмамдады.