09.02.2022
АИТВ-ауруының алдын алу
2022 жылдың 9 ақпанында Нұр – Сұлтан қаласы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының өкілі, «Шаг в будущее» ҚҚ жетекшісі Ажар Талғатқызы Турымованың колледждің 3 курс студенттерімен (80 тындаушы) "АИТВ-ауруының алдын алу" тақырыбында кездесу өтті.
Бұл кездесудің мақсаты АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша хабардарлықты және білімді арттыру, АИТВ-жұқтырғандарға және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға адамгершілік қарым-қатынасты қалыптастыру, әлемде АИТВ-инфекциясының таралу проблемасымен таныстыру, вирустың таралу жолдары және алдын алу, ЖИТС орталығының мамандарына деген сенім деңгейін арттыру, АИТВ-инфекциясына қатысты стигманы жеңу, сондай-ақ жергілікті деңгейде ЖИТС індетіне қарсы тұру шаралары туралы ақпарат берілді.
Әңгіме соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды.
Универкызы Г.