Body: 





11.02.2022

Кәсіптік бағдар, жұмыспен қамту

Бүгін, ақпан айының 11 күні колледждің кәсіптік бағдар және жұмыспен қамту бөлімінің ұйымдастыруымен "ҚТЖ" ЖШС Ақмола бөлімшесі жүк тасымалы бөлімінің парк кезекшісі Амангелдинов Рысбек мырзамен кездесу өтті.

4ППС-218 тобының студенттеріне темір жолдың қазіргі жәй күйі мен болып жатқан өзгертулер айтылды. Аз уақыттан соң колледжді бітіріп жас маман атанатын жастарға Рысбек мырза темір жол саласына қалай жұмысқа орналасуға болатынын, қандай құжаттар мен сынақтардан өту керектігін түсіндірді. Темір жол саласында жүріп сигналшы, құрастырушы, вагоншы, парк кезекшісі сынды қызметтерде еңбек еткенін айта келіп жұмыс барысында болатын жайттарға тоқталды.

Темір жол маманы Жоғары көлік және коммуникация колледжі студенттерінің білімдері жақсы екенін және колледж базасының мол қоры сапалы кадырларды дайындауға зор мүмкіндік беретінін баса айтып, жастарды жұмысқа шақырды.

Студенттер өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, пайдалы кеңес алды.