Body: 





11.02.2022

Арнайы маманмен кездесу

Кәсіптік бағдар және жұмыспен қамту бөлімінің ұйымдастыруымен осы жылы колледжді тәмамдап, жас маман атанатын студенттерге өндіріс орындарына жұмысқа тұру жайында түсіндіру мақсатында "ҚТЖ "ҰК" АҚ филиалы - "Магистральдық желі дирекциясы" Жол және құрылыстар департаментінің жолды пайдалану және ағымдағы күтіп ұстау бойынша функционалдық бағыт менеджері Бекенова Ардақ Бекайдарқызымен кездесу өтті. Студенттерге темір жол саласына жұмысқа тұру үшін қандай құжаттармен сынақтар тапсыру керек екені, жұмыстың графигі, қызметтік ережелер түсіндірілді. Еркін форматта өткен кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, толық мағлұмат алды.