Body: 





09.02.2022

Адалдық сағаты

2022 жылдың 16 ақпан күні «Astana-Adaldyq Alany» жобасы аясында Жоғары көлік және коммуникация колледжінде «Адалдық мақсатқа жеткізеді» тақырыбындағы адалдық сағаты өтті. Адалдық сағатын Нұр-Сұлтан қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Шыңғысхан Шопанұлы Қожахметов және жоба менеджері Әбуов Сәулет Нұрғазыұлы өткізді.

Кездесу ой бөлісу, сұрақ жауап форматында өтті. Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықпен күресу, білім саласында кездесетін жемқорлық фактілерін жою тақырыптары талқыланды.

Шыңғысхан Шопанұлы кездесу барысында өзінің тәжірибесімен бөлісіп, жастарды отансүйгіштікке шақыра отырып, жемқорлық деген ортақ жауымыздан сақ болуды ескертті. Аз көлемде болсын, көп көлемде болсын жемқорлықтың зардабы ел үшін, қоғам үшін қашан да ауыр болатынын айта келе түрлі мысалдар келтіріп студенттерге қызықты әңгімелер арқылы жемқорлықтың жаман жақтарын ашып көрсетті.

Кездесудің көрермендері белсенділік танытып, бірнеше түйткілді сұрақтар қойып, кездесу қонағымыздан толық жауабын алды.



Жастар комитетінің инспекторы Ералханұлы Арнұр