Body: 





18.02.2022

Мамандығым мақтанышым

1Үстіміздегі жылдың ақпан айының 18 күні колледжде студенттер арасында дәстүрлі «Мамандығым мақтанышым» атты сайыс өтті.

Байқаудың мақсаты жастардың бәсекеге қабілеттіліктерін шыңдау, талантты жастарды анықтау, мамандық имиджін қалыптастыру.

Байқауға білімді әрі талантты, өз мамандығының хас шеберлері қатысты. Байқаудың шарты бойынша сайыскерлер таныстыру және бейне таспаға арнайы жазылған өз мамандықтары туралы және өз өнерлерін көрсету бойынша сынға түсті. Байқауға колледждің 8 мамандығы бойынша студенттер қатысып, әр қатысушы өзінің мамандығын барынша ең үздік екенін дәлелдеуге тырысты.

Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда дегендей, әр мамандықтың мықтыларын марапаттау сәті де келіп жетті. Сайыс қортындысы бойынша қазылар алқасы І-орынға ерекше өнер көрсеткен 2РЭС-420Б тобының студенті Серкешбай Махаббат лайық деп тапты. Ал колледждің 2 курсында оқитын 2ЭМ-220 тобының студенті Абдрахман Әлішер ІІ орынды иеленсе, сайыстың ІІІ-орыны 3РЭС-219 тобының студенті Ғалымжанұлы Альтаирға тиесілі болды.

Аталған байқау жоғары деңгейде өтті. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталып, жүлделі орын алған студенттер диплом және медальмен марапатталды. Жүлделі орындарға ие болған студенттердің жетекшілеріне алғыс хат табысталды. Қазылар алқасы барлық қатысушыларға алғысын айтып, алдағы сайыстарда жеңіс төрінен көрінуіне тілектестігін білдірді. Кеш естелік фотосессиямен аяқталды.



Көркемдік жетекші Н.Сейтмұратов