18.02.2022
Еріктілер клубының кезекті игі ісі
2022 жылдың 18 ақпан күні Сарыарқа ауданы әкімдігімен бірлесе отыра, Елорда аумағында, қардың көптігіне байланысты жергілікті тұрғын үйлердің ауласын қардан тазарту туралы, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Түсіндірме жұмыстарына 20-ға жуық колледжміздің «Мейірім» еріктілер клубының студенттері жұмырылдырылды. Нұр-Сұлтан қаласының ішкі істер департаменті қызметкерлері және Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірге Агроқалашық, Көктал-1, Көктал-2 тұрғын алаптарын аралап, түсіндірме қағаздарын таратты.
Шараның мақсаты су тасқынын алдын алу.
«Жастар» комитетінің инспекторы А.Ералханұлы