Body: 





23.02.2022

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс - қимыл

23 ақпан күні Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі мен елордалық Діндерді зерттеу орталығы ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс - қимыл жөнінде ақпараттық түсіндіру жұмыстарын өткізді. Бұл кездесудің мақсаты, жастар санасында діни жат ағым идеологиясына қарсы иммунитетті қалыптастыру, сондай - ақ, халықтың діни және құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.

Іс шараға Нұр-Сұлтан қаласы ІІД діни экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының полиция капитаны Евгений Владиславович Джура және Нұр-Сұлтан қаласы «Діндерді зерттеу орталығының» өкілі, дінтанушы Темірлан Жанатұлы Советов қатысты. Студенттер өздерінің діни бағыттағы сұрақтарына профессионалды түрде жауап алды.