24.02.2022
Ауған ардагерімен кездесу
24 ақпан күні колледж акт залында биылғы жылы Ауған соғысының 33 жылдығына орай Ауған соғысы ардагерімен кездесу өтті.
Кездесу кеш басында Ауған даласында қаза болған боздақтарымызды еске алып, 1 минут үнсіздік жарияланды.
Іс-шараға Ауған соғысының ардагері, Ауған соғыс ардагерлері одағы төрағасының орынбасары Омаров Қанат Калиасқарұлы қатысты.
Кеңес сарбаздарының Ауған жерінен қайтып оралғандарына 33 жыл өтті. Жас жеткіншектер соғыс майданына аттанып, соғыс ардагерлері болып оралды. Бүгінде осы ардагерлеріміз Ауған жерінде болған сұм соғыстың қиын-қыстау кезеңдерін, ерлік пен даңқты батыр-қаһармандары туралы естелік айтушы тұлғаларымыз. Сарбаздарымыз өздерінің әскери міндеттерін адал орындап, әскери қызмет соңына дейін нағыз сарбаз атағына лайық бола білді.
Құрметті қонағымыз ерліктері туралы баяндап, жастарды өз Отанын сүюге, жаудан қорғауға, өз елінің патриоты болуға шақырды. Студенттер сұрақтар қойып, сауалдарға жауап алды.
Жастар үшін маңызы зор, тағылымы мол ұйымдастырылған өткен шара кейінгі ұрпаққа үлгі болатыны анық.
Студенттеріміз шара соңында ардагерімізбен естелік суретке түсті.
ЖІК инспекторы Ералханұлы А.