Body: 





25.02.2022

Студенттер арасында құқықбұзушылықты алдын-алу

Жастар арасындағы құқықбұзушылықтың және кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу мақсаттында 25 ақпан күні колледжде Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы ювеналдық полициясының инспекторы Айтбек Эльмира Айтбекқызы қатысқан кездесу өтті.

Полиция капитаны Эльмира Айтбекқызы студенттерге жиі кездесетін құқықбұзушылықтарды айта келе, заң бойынша қандай жазалар көрсетілгенін түсіндірді. Әкімшілік және қылмыстық кодекстің кей баптарын қарапайым тілде жастарға түсіндіре келе кәмелеттік жасқа толмаған студенттер заң бұзған жағдайда олардың ата-аналарына айыппұл салынатынын ескертті. Студенттерді білім беру мекемелерінде, қоғамдық орындарда өздерін дұрыс ұстап, заң талаптарын қатал орындауға шақырып, заңды білу – заман талабы екенін ескертті. Сонымен қатар жастар арасында және қоғамда жиі кездесетін: алаяқтық, ұрлық, ұсақ құқықбұзушылықтар мен әлімжеттік көрсету сияқты қылмыстардың қатаң жазаланатыны ескертіп толық түсіндірді.

Дәріс соңында студенттер өздерін қызықтырған мәселелер жөнінде сұрақтар қойып, кеңестер алды. Сондай-ақ болашақта құқықбұзушылықтың соңы жақсылыққа әкелмейтінін түсінді.



Әлеуметтік педагог К.Мусина