Body: 





10.03.2022

ТІЛ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

TILQURAL.KZ Мемлекеттік тілді А1, А2, В, В2, С1 деңгейлерінде үйренуге мүмкіндік беретін онлайн платформа. Мобильді қосымшасы қарастырылған.

TILMEDIA.KZ Үштілді сайт орыс және ағылшын тілді азаматтарға мемлекеттік тілді қызықты және тиімді оқытуға көмектеседі.

ABAI.INSTITUTE.KZ Қазақстанда және шетелде қазақ тілін оқыту және ілгерілету бағдарламасы шеңберінде әзірленген веб-портал.

BALATILI.KZ Үш жастан асқан балалардың тілдік, жазбаша және шығармашылық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

TERMINCOM.KZ Cайтта Республикалық терминологиялық комиссиясы мақұлдаған терминдер беріледі.

EMLE.KZ Cайт қазақша cауатты жазу, сөзді дұрыс айту, жұртшылықтың тіл мәдениетін көтеру мақсатында құрылды .

SOZDIKQOR.KZ Сайт сөздер мен тұрақты сөз тіркестерін, көне, кірме, жаңа технологиялық сөздердің мағынасын көруге мүмкіндік береді.

QUJAT.KZ Сайтта ісқағаздарын жүргізуге қатысты рәсімдеу талаптары көрсетілген.

TILALEMI.KZ Порталда мемлекеттік тілдің қолданысын арттыруға бағытталған материалдар, пайдалы ақпараттар, жаңалықтар орналастырылған

QAZLATYN.KZ Латын әліпбиіне көшудің алғашқы кезеңдерінде материалдарды латын әріптеріне жылдам көшіруді жүзеге асыратын көмекші құрал.

АТАU.KZ Ономастикалық электрондық база. Елдімекендердің атаулары туралы ақпарат береді.