Body: 





10.03.2022

Қыз сыны - 2022

2022 жылдың наурыз айының 10 жұлдызында Наурыз мерекесі қарсаңында колледжішілік «Қыз сыны - 2022» атты өнерлі, ажарлы аруларымыздың байқауы өтті. Байқаудың мақсаты қыз балаларды ұлттық тұрғыда халқымыздың әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін қадірлеу, ұлтжанды, отансүйгіштік сезімдерге баулу, тәрбиелеу. Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру. Байқауға түрлі топтан 8 ару қатысты.

Байқау келесі жанр бойынша өтті: «Мен қазақтың қызымын» - өз өзін таныстыру, «Өнерлі өрге жүзер» - өз өнерлері, «Білімді мыңды жығар» сұрақ-жауап сайысы, «Қыздарға әсемдік жарасады» көктемгі сән үлгісі бойынша өнер көрсетті.

Байқаудың қорытындысы бойынша «КОЛЛЕДЖ АРУЫ-2022» атағы 3ЭН-219 тобының студенті Алданаш Аяжанға берілді. «І-ВИЦЕ АРУ-2022» атағы 2РЭС-420б студенті Өнербек Айпірімге және «ІІ-ВИЦЕ АРУ-2022» атағы 3РЭС-219 тобының студенті Капсамина Мадинаға бұйырды.

Жарыста өздерінің инабатты, сымбатты, тапқырлық сияқты жан-жақты қырларымен көзге түскендер түрлі номинациялармен марапатталды. Жүлделі орын алған қыздарымызға бағалы сыйлықтар мен арнайы диплом табыс етілді.

Әсем әнмен көрікті бимен көркемделген сайыс көрермен ықыласына бөленіп, келген қонақтар өз ризашылықтарын білдірді. Байқаудың соңында естелік суретке түсті.



Жастар комитетінің инспекторы Н.Сейтмуратов